Павлодарда облыстық газеттерге үйден шықпай-ақ жазылуға болады

Павлодарда облыстық газеттерге үйден шықпай-ақ жазылуға болады
Фото: Константин Шелков

25 желтоқсанға дейін  Павлодар облысының тұрғындары 2025 жылы «Звезда Прииртышья» және «Saryarqa Samaly» қоғамдық-саяси газеттерін жеткізуге жазыла алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өтінімді Kaspi.kz қосымшасында «Төлемдер» – «Басқа» – «ҚР баспа БАҚ» – «Жазылымға ақы төлеу» тетіктері арқылы рәсімдеуге болады. Қажетті газетті, кезеңді таңдап, жеткізу мекен-жайын енгізу керек. Сондай-ақ, «Қазпошта» бөлімшелерінде, «Алаш Пресс» ЖШС арқылы немесе жеке редакцияда, яғни Павлодар қаласы, Астана көшесі, 143 мекенжайына келіп жазылуға болады.

«Saryarqa samaly» және «Звезда Прииртышья» газеттерінің бағасы: 

  • «Қазпошта» арқылы: қаладағы жеке тұлғалар мен ауылдағы заңды және жеке тұлғалар үшін жарты жылға – 4 866 теңге, жылына – 9 732 теңге. Қаладағы заңды тұлғалар үшін жарты жылға –  6 343 теңге, жылына –  12 686 теңге.
  •  «Алаш Пресс» ЖШС арқылы: жеке тұлғалар үшін жарты жылға – 4820 теңге, жылына –  9640 теңге. Заңды тұлғалар үшін: жарты жылға – 5800 теңге, жылына – 11600 теңге.
  • Ресімдеу және редакциядан алу алты айға –  4 500 теңге, жылына – 9000 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, павлодарлық «Звезда Прииртышья» қоғамдық-саяси газеті – Қазақстандағы ең көне басылымдардың бірі. Жүз жылдан астам уақыт бойы журналистер аймақтың ең маңызды оқиғалары, сондай-ақ жақын жерде тұратын адамдар туралы жазып келеді. Сонымен қатар, «Звезда Прииртышья» – бұл шын мәнінде отбасылық газет, онда отбасының әрбір мүшесі өзіне қызық ақпарат таба алады. Кішкентай оқырмандар үшін өлеңдер, ертегілер, сканвордтар және өздерімен жасты балалардың әңгімелері жарияланатын «Домовенок» тұрақты айдары жұмыс істейді. Ересек оқырмандар үшін ауыл шаруашылығы туралы «Агросектор» және «Агробизнес», медицина туралы «Будьте здоровы!», білім, қылмыс туралы - «Человек и Закон», «Спортивная арена», тарих туралы «Память», «Архивы говорят» айдарлары бар.

«Saryarqa samaly» қазақ тілінде аналитикалық мақалалар шығарады, ұлттық дәстүрлер, ұрпақ тәрбиесі, дін мәселелерін көтереді, экономикалық қатерлер мен әлеуметтік мәселелерді талқылайды. Мұндай тақырыптарды ақпараттық сайттардан табу қиын. Сонымен бірге газет журналистеріне сұраныс жоғары.