Екібастұзда шетелдіктерге заңсыз үй ұсынған тұрғынға айыппұл салынды

Екібастұзда шетелдіктерге заңсыз үй ұсынған тұрғынға айыппұл салынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Айыппұл сомасы 49 мың теңгені құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.   

Тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасы барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырудың екі фактісінің жолын кесті: зауыттардың бірінде Өзбекстан Республикасының  алты азаматы және қайталама шикізатты қайта өңдеу цехында Тәжікстан Республикасының екі азаматы жұмыс істеген. 

– Шетелдік азаматтардың уәкілетті органнан тиісті рұқсаты болмады, ал жұмыс беруші шетелдік азаматтардың болуы туралы полицияға хабарламаған. Заң бұзушыларға қатысты көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін материалдар сотқа жіберілді, – дейді облыстық полиция департаментінде. 

Павлодарда Тәжікстан Республикасының азаматы еңбек қызметін уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырған, сондай-ақ ұлттық төлқұжаты жарамды болу мерзімдерін бұза отырып, ел аумағында болған. Шетелдік қабылдағыш-таратушыға орналастырылған. Сондай-ақ, қала тұрғыны заңнаманы бұза отырып жүрген шетелдікке тұрғын үй бергені үшін 49 мың теңгеден астам айыппұл салынды. 

Айта кетейік, іс-шараның бірінші күні полиция қызметкерлері 55 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 33-ін шетел азаматтары жасаған. 

Естеріңізге сала кетейік, профилактикалық іс-шара ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін жалғасады, оның шеңберінде құқық қорғау органдары құрылыс объектілерін, кәсіпорындарды, қонақ үйлерді, сауда нүктелерін, ойын-сауық орындарын, тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктердің тұрғылықты мекенжайларын тексереді.