Павлодарда темекіні қоқысқа тастамаған тұрғын айыппұл төлейді
Бұл заңсыздықты көшедегі тұрғындар байқаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын, М. Жүсіп көшесімен жүріп келе жатып, өзі шеккен темекінің қалдығын тротуарға лақтырып, қоғамдық орынды ластаған. Тағы бір тұрғын пакетті қоқыс контейнерінің сыртына тастаған.
– Тәртіп бұзушыларға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бапқа сәйкес олар айыппұл төлеуі тиіс, – дейді департаментте.
Айта кету керек, аталмыш баптағы заң бұзушылықтар 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бестен он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға алып келеді.