Екібастұздық садақшы үздіктер қатарына ілінді

Екібастұздық садақшы үздіктер қатарына ілінді
Фото: «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейі

Бұл жарыс жасөспірімдер арасында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің мәліметінше, Астана қаласында дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында федерация кубогінің ойындары ұйымдастырылды. Жарысқа Павлодар облысыныңі намысын қорғап Екібастұз қаласы «Зерде» мамандандырылған мектеп-лицейінің 8-ші сынып оқушысы Қайырхан Абраев қатысты. 

– Аталмыш жарыстың нәтижесі бойынша «Қалқан» нысанасы бойынша Қайырхан жүлделі үшінші орынға ие болды. Садақшыны дайындаған  –  Нұрбек Мұқұшев, – дейді мектепте.

Еске сала кетейік,  2021 жылдың желтоқсанында «Зерде» мамандандырылған дарынды балалар мектебінде ұлттық спорт залы ашылған. Залдың жаңалығы - мектепте садақ ату үйірмесінің енгізілуінде.