Павлодарда ток соққан екі жігіттің жағдайы ауыр
Усолка шағын ауданында ағаш кесу барысында зардап шеккен үш жігіт бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі адамның жағдайы ауыр деп бағаланады.
– Екеуін 30 және 40 пайыз күйік шалған. Үшінші адамды екі пайыз күйік шалған, күйік бөлімшесінде жатыр, – деді басқармада.
Естеріңізге сала кетейік, Вектор» аялдамасы жанында ағаштарды кесу жұмыстары кезінде ішінде адамдар болған манипулятордың көтергіші құлап, электр желілеріне тиген. Салдарынан үш адам электр тогынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Олардың екеуі 2002 жылы және біреуі 2000 жылы туған.