Павлодарлық ұстаздар оқушыларының балалық шағындағы досы болуға дайын

Олар «Жас ұлан» балалар қоғамдық қозғалысын дамытуға атсалысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Үздік тәлімгерлер жасағы» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – аға кеңесшілер жұмысының беделін нығайту және балалар қоғамдық қозғалысын дамыту.
Жарысқа облыстың қалалары мен аудандарынан аға кеңесшілері болып жалпы алты команда қатысты.
– Байқауда «Визитка – Балалық шақтағы дос кеңесшісі» кезеңінде қатысушылар өздерін және өз іс-әрекеттерін таныстырды, «Шығармашылық өмір» кезеңінде командалар аудиториямен жұмыс жасауда өз шеберліктерін көрсетті, – деді әдіскер Айжан Оразбаева.
Жарыста бас жүлдені Шарбақты ауданы жеңіп алды. Бірінші орынды Ертіс ауданы, екінші орынды Ақтоғай ауданының командасы жеңсе, үшінді орынды Баянауыл ауданы, Павлодар және Ақсу қалаларының командалары иеленді.
– Біз он адамнан құрылған «Тәлімгер time» атты командамыз. Екінші кезеңде тәлімгердің жұмысы мен жасанды интеллектінің бірлескен жұмысын ұсындық, қазылар алқасы оны жоғары бағалады, – деді команда жетекшісі Әсем Қасенова.
Команда жетекшісі осы жетістікті табанды еңбек, креативті көзқарас пен команданың бірлігінің нәтижесі деп санайтынын айтты.