Павлодарлық ата-аналар бала тәрбиелеудегі мәселелерді талқылау үшін бас қосты
Мектеп директорлары, мұғалімдер мен ата-аналар қауымы білім беру жаңа бағыттарына қатысты сұрақтарды көтерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
М.Әлімбаев атындағы мектепте «Ата-аналар қоғамының бала тәрбиесіндегі рөлі» атты семинар өтті. Мақсаты – балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен өзара іс-қимылы, отбасылық тәрбиенің құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Қаланың жалпы білім беретін мектептері директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинарда № 18 мектеп директорының орынбасарлары Юлия Терлецкая мен Гүлназ Шадихан сөз сөйледі. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» тақырыбы бойынша олар отбасылық және қоғамдық тәрбиеге байланысты мүдделі ата-аналар қоғамының өкілдерімен бірлескен қызмет туралы мектептің жұмыс өз тәжірибесімен бөлісті.
– Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы - білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретін балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысындағы жаңа бағыт– деді облыстық білім беру басқарамасында.
Диалог алаңында қатысушылар орта білім беру ұйымдарындағы «Бірыңғай тәрбие бағдарламасы» негізінде 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ бағдарламасы бойынша жұмыс туралы мәселелерді талқылады. Педагогикалық қолдау бағдарламасы ұйымдарда балаларды тәрбиелеуге қатысты мәселелер бойынша ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету, білім беру ұйымының әлеуметтік желілеріндегі парақшалары арқылы ақпарат алушы ретінде ата-аналармен байланыс орнату, ата-аналар жиналыстарының, семинарлардың, коучингтердің, ашық есік күндерінің, дәрістердің жаңа түрлерін өткізу мақсатында жылына сегіз сабақты қамтиды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға ата-аналармен жалпы қалалық жұмыс жоспарын іске асыру, ата-аналармен сабақ өткізу туралы әдістемелік ұсынымдар берілді.