Павлодар облысының мұғалімдері электронды журнал толтырып, қола жүлдеге ие болды

Павлодар облысының мұғалімдері электронды журнал толтырып, қола жүлдеге ие болды
Фото: Павлодар облысы білім беру басқармасы

Педагогтер «Kundelik.kz» электронды журналын толтыру кезінде жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір ұстаздары «Kundelik.kz» компаниясының атынан «Қола белгісімен» марапатталды.

– Білім беру үдерісінің дамуы мен жетілдірілуіне күн сайын үлес қосып жүрген барлық ұстаздарға, қала және аудан білім беру бөлімдерінің мамандарына және білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз! – дейді өңірлік білім беру басқармасында.

Басқарма бұл жеңіс ұжымдық жұмыстың жемісі екенін атап өтті.