Павлодар облысының ауыл оқушылары Бурабайда тегін білім ала алады

Павлодар облысының ауыл оқушылары Бурабайда тегін білім ала алады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Наурыздың 27-сі күні балаларға арналған «IQanat» республикалық олимпиадасының II туры өтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл турда Қазақстан бойынша 10 мыңнан астам бала бақ сынаса, өткен жылы байқауға 50 мыңнан астам бала қатысқан. Биылғы жылы Павлодар облысындағы ауыл мектептерінен 265 бала қатысады.

Екінші тур – пәндік. Логикалық ойлау, математикалық және оқу сауаттылығы сияқты үш міндетті пәндерден қоса, қатысушылар ағылшын тілін және өздері таңдаған бір пәнді (математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы, география) тапсырады.

Интеллектуалдық сайыс турнирде қатысуды жалғастыратын мың финалистті анықтап, Бурабайдағы «IQanat» мектеп-интернатында тегін білім алу немесе олимпиададан кейін үш жыл қолдау, яғни ҰБТ-ға дайындық, халықаралық емтихандар, ағылшын тілін оқыту, IT дағдылары және кәсіпкерлікті дамыту үшін өзара бәсекелеседі.

– «IQanat» олимпиадасы – әрбір ауыл оқушысы үшін бірегей мүмкіндік, өйткені жоба түлектерінің 94 пайызы үздік университеттерге түсіп, әлемнің 17 елінде оқиды, – деп қосты олимпиада ұйымдастырушылары.

Айта кету керек, биылғы жылы олимпиада дәстүрлі білім сайысы шеңберінен шығып отыр. Екінші кезеңмен қатар мектеп оқушыларын тәрбиелік тәлімгерлік жүйесіне біріктіретін «Peer-to-Peer» атты жаңа бастама енгізілді.