Павлодарлық оқушылар қысқы демалысты қалай өткізеді?

Павлодарлық оқушылар қысқы демалысты қалай өткізеді?
Фото: pixabay.com/ru

50 мыңнан астам оқушы қызығушылықтары бойынша үйірмелерге, түрлі іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелеріндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, демалыс күндері 30 желтоқсан-8 қаңтар аралығында өтеді. 

26-28 желтоқсан аралығында мектептерде 45 мыңнан астам бала мен жасөспірімді қамтитын жаңа жылдық іс-шаралар жоспарланған. Бастауыш сынып оқушылары үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық ертеңгіліктер, 5-8 сыныптар үшін жаңа жылдық саяхаттар, шытырман оқиғалар, жоғары сынып оқушылары үшін музыкалық бағдарламалар мен би кештері ұйымдастырылды.

25 желтоқсанда Павлодар қаласы әкімінің қатысуымен жыл сайынғы ертеңгілік өтеді. Жаңа жылдық мерекеге 9 жастан 13 жасқа дейінгі 100 бала қатысады. Жаңа жылдық шыршаның барлық қатысушылары әкімнің атынан бағалы сыйлықтар алады.

Қысқы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс қаланың сегіз мектептен тыс мекемесінде және 18 аула клубында жүргізіледі, түрлі іс-шараларға 20 мыңнан астам бала қамтылады.

Жобалар шеңберінде қосымша білім беру мекемелерінде музыкалық, техникалық, көркемдік, лингвистикалық бағыттағы іс-шаралар, экскурсиялар, спорттық жарыстар жоспарланған. Қаланың 10 мыңнан астам оқушысы Ж. Аймауытов атындағы, Чехов атындағы театрларға, кинотеатрларға, мұражайларға барады. 

5 қаңтарда бос уақытты ұйымдастыру және балалардың дарындылығын дамыту орталығы қаланың жалпы білім беретін мектептерінің президенттерімен «Табысқа жету жолы» кездесуін өткізеді. 

6 қаңтарда балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілері «Балшық қолөнерінің құпиялары» шеберлік сағатын жоспарлаған, балалар техникалық мектебінде қала мектептерінің оқушыларымен Winter квест өтеді. 

Каникул күндері «5 керемет сәт» қалалық жобасы басталады, қардан немесе қолда бар құралдардан «Ертегі кейіпкерлері» байқауының 1-туры өтеді.

Қала мектептерінде спорттық іс-шаралар, концерттер, жарыстар, байқаулар, ата-аналармен кездесулер жоспарланған, жоғары сынып оқушылары кеңесінің отырыстары ұйымдастырылады.