Павлодарлық бизнесмендерге Рамазан айындағы ережелер туралы айтып берді

Қара малдың еті шошқа етімен бірге сатылмауы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының мәлімдеуінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері бірінші кезекте тамақ пен сусындарға қатысты қасиетті Рамазан айында ауызашар рәсіміне қойылатын негізгі нормалар мен ережелерді түсіндірді.
– Қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Оның басталуымен мейрамханалар мен басқа да қоғамдық тамақтану орындарында ауыз ашар рәсімі өтетін уақытта бос орындар жоқ, барлық дерлік орындар бос емес. Біз мұндай кешкі асты қарапайым етуді ұсынамыз, – деді облыс бойынша ҚМДБ-ның уәкілетті имамы, Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіттің бас имамы Жолдас Бердімұратов.
Ет өнімдерін өндіруші компаниялардың, дүкендердің, супермаркеттердің және басқа да объектілердің өкілдеріне ол ҚМДБ-ға ауыз ашардағы үстел қандай болу керектігі туралы түрлі сұрақтар келіп түсетінін хабарлады.
Шариғатта тағамдарға қатысты белгілі бір ережелер бар. Саудаға байланысты ет бөлімдерінде жылқы еті, қой еті мен сиыр еті шошқа етімен бірге сатылмауы керек.