Асайын Байханов азаматтардың көкейінде жүрген мәселелерін тыңдады
Аймақ басшысы кезекті жеке қабылдауын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қабылдау барысында өңір тұрғындары жер учаскелерін беру, еңбек қатынастары және әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өтініштерін айтты.
Аққулы ауданына қарасты Ямышев ауылының тұрғыны жайылымдық жер бөлу мәселесімен жүгінді. Оған ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру тәртібі жөнінде түсіндірме берілді.
Қабылдауға келгендердің қатарында Славян орталығының бұрынғы төрайымы Татьяна Кузина да болды. Ол Асайын Байхановпен бірге қоғамдық бірлестіктің қызметі мен үкіметтік емес ұйымдардың өңір өміріне қатысу мәселесін талқылады.

Сонымен қатар тұрғындар тұрғын үй жағдайын жақсарту және атаулы әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтерді.
Барлық өтініштер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді. Тапсырмалардың орындалуы облыс әкімі аппаратының бақылауында болады.
Еске саламыз, өңір тұрғындары жеке қабылдауға e-gov порталы, E-otinish.kz жүйесі немесе әкімдіктің +77021661661 WhatsApp нөмірі арқылы жазыла алады.