Павлодарлық зауыт мұнай өңдеуді қайта бастады

Павлодарлық зауыт мұнай өңдеуді қайта бастады
Фото: Константин Шелков

Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстары мерзімінен ерте аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПМХЗ»  ЖШС жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімнен екі тәулік бұрын аяқтады. Бұл жайлы кәсіпорынның жұртшылықпен байланыс бөлімі хабарлады. 

– Павлодар мұнай-химия зауытында бекітілген жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестесіне сәйкес, мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысында жөндеу жұмыстарын аяқтау 2023 жылғы 19 шілдеде жоспарланған болатын. Жөндеу жұмыстарын жоспарланған мерзімнен екі тәулік бұрын аяқталғандықтан, зауыт кестеден озып, қолданысқа енді, – делінген хабарламада. – «ПМХЗ»  ЖШС-де ерте біткен жұмыстардың нәтижесінде  мұнай өңдеуді қайта бастады.

Кәсіпорындағы жөндеу жұмыстары 20 маусымда басталған болатын. 

Айта кету керек, жөндеу жұмыстарын бастамас бұрын Павлодар мұнай-химия зауыты бензиннің 37 мың тоннасын және дизель отынының 47 мың тоннасын өндіріп қойған. Бұл көлем кәсіпорынды жөндеу кезінде өнімнің тапшылығынан сақтады.