28 қарашада Павлодар облысында жел екпіні күшейіп, бұрқасын соғады

28 қарашада Павлодар облысында жел екпіні күшейіп, бұрқасын соғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, күндіз ауа температурасы 0...-5 градус аралығында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде де ауа температурасы 0...-5 градус шамасында сақталады. Жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болжанады.

Павлодар қаласында да ауа райы қолайсыз болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 25 метрге дейін жетеді.

Күндіз ауа температурасы -1...-3 градус шамасында болып, күн бұлтты болады. Жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде де ауа температурасы -1...-3 градус аралығында сақталады.