Павлодарлықтар қоғамдық көлікте жануарларды тасымалдай ала ма?
Зооволонтерлік ұйымдар автобустарда жануармен кіруге тыйым салынатын жапсырмаларға наразылық білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл жағдайға қатысты қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінде түсінік берді.
– Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау ережесіне сәйкес, иттер автобустардағы бос алаңдарда тұмылдырықпен және қарғыбаумен тегін тасымалданады. Ал жаңа автобус салондарындағы жапсырмалар өндіруші зауытпен орналастырылған. Олар иттерді тасымалдауға тыйым салмайды, – деді бөлімде.
Сондай-ақ, жабық торларға немесе арнайы тасымалдау сөмкелерге салынған кішкентай жануарлар мен құстарды тегін тасымалдауға рұқсат етіледі.