Павлодарда тарихи және заманауи күйлер кеші өтеді

Бұл кеште музыкалық колледж бен мектеп оқушылары өнер көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешенінің ұйымдастыруымен «Ғасырлар толғауы» атты күй кеші өтеді.
Концерт үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде аңыз күйлер мен тарихи халық күйлер, екінші кезеңде «Алтын орда» күйшілік мектептерінің күйлері орындалады. Үшінші кезеңде жаңа заман күйлері ойналады.
Аталмыш кеш 2 ақпан күні сағат 17:00-де Қуат Әбусейітов атындағы мәдениет үйінде өтеді. Кіру - тегін.