Павлодарлық екі жас маман Польшада ел намысын қорғайды

Павлодарлық екі жас маман Польшада ел намысын қорғайды
Фото: Константин Шелков

Олардың екеуі де жергілікті колледждердің түлектері, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

5-9 қыркүйек аралығында Польшаның Гданьск қаласында EuroSkills халықаралық чемпионаты өтеді. 32 елден келген 600-ден астам жас маман кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Чемпионатқа тек 25 жасқа дейінгі мамандар ғана қатыса алады. 

Ұлттық құрама сапына Павлодар облысының екі тұрғыны қосылды. Ақсу қара металлургия колледжінің түлегі Илсур Тукаев «Сандық басқаруы бар білдектерде фрезерлік жұмыс» қызметі бойынша өнер көрсетсе, «Тақта төсеу» номинациясы бойынша Павлодар монтаждық колледжінің түлегі Виталий Кайл бақ таластырмақ. 

Екі маман да түлек атанғаннан кейін оқу орындарында жұмыс істеуде. Бүгінде олар өз колледждерінде оқыған мамандықтары бойынша сабақ береді. 

Айта кету керек, EuroSkills байқауына Қазақстан құрамасы 25 номинация бойынша қатысады.