Павлодарлықтарға елдің бас мерекесінің мән-мағынасын түсіндірді
Өңір тұрғындарына 450 мәдени іс-шара ұйымдастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының басшысы Әзілхан Әбеуов айтып өткендей, биыл дәстүрлі мерекелік концерттермен, спорттық іс-шаралармен қатар қазақстандықтар бірлігінің жалпыға ортақ атмосферасын құруға және еліміздің басты ұлттық мерекесі ретінде Республика күнін атап өтуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілетін болады.
- Республика күніне арнайы ұлттық мереке сипатын беруде, сол күні еліміздің өткені, бүгіні мен ертеңі пысықталып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарының, еңбек адамдарының жетістіктері ұлықталады. Меніңше, бірте-бірте бұл мейрам шынында да жалпыұлттық сипатқа ие болып, қазақстандықтардың сүйікті мерекесіне айналады. Біз бұл үшін бар күш-жігерімізді саламыз, - деді спикер.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 450 мерекелік іс-шара өтеді. Оның үстіне мейрам күндері өңір бойынша бірқатар әлеуметтік нысандар: үйлер, мәдениет үйлері, спорт кешендері, су құбырлары пайдалануға беріледі.
Спикердің айтуынша, Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан 1986 жылғы оқиғаларға байланысты аза тұту күні сипатына ие болады.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынып, сол күні 1990 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алуына алғашқы қадам жасағынан атап өту керектігін қадап айтқан еді.
Фото: Константин Шелков