Екібастұзда жол бойындағы дәмхана өртенді

Екібастұзда жол бойындағы дәмхана өртенді

Оқиға орнынан 27 литрлік 4 газ баллоны шығарылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, зардап шеккендер жоқ.

- 1 наурыз күні 101 пультіне Екібастұз қаласы, Байет ауылы маңындағы жол бойында орналасқан "Сұлтан" дәмханасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызмерткерлері келгенде темір контейнердің ағаш бөліктері жанып жатқаны анықталды, - делінген хабарламада. 

Жалын жалпы көлемі 80 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 27 литрлік 4 газ баллонын шығарды. 

Өрт сағат 13:20 оқшауланып, 13:40-та толықтай жойылды. 

Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.