Павлодарда жол-көлік апатына түскен бала ауыр жарақаттар алды

Павлодарда жол-көлік апатына түскен бала ауыр жарақаттар алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақ халаттылар оның өмірін аман сақтап қалу үшін күресуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем 15:20-да хирургиялық корпустың қабылдау бөлімшесіне 10 жастағы ер баланы жеткізді. Баланы хирург, травматолог, отоларинголог дәрігерлері қарап шықты. Тексеруден кейін зардап шеккен баланы шұғыл түрде реанимация бөліміне жатқызды.

Қабылдау кезіндегі жалпы жағдай алған жарақатына байланысты ауыр болды. Оған мидың жаппай ісінуі, мидың жабық жарақаты деген диагноздарына байланысты жағдайы ауыр деп сипатталады. Бала медикаментозды ұйқыда жатыр,– деді ауруханада.

Айта кетейік, баланың жақын туыстары куәгерлерді іздестіруде. Жол-көлік оқиғасын көрген тұрғындарды 8(701) 955-95-85 немесе 8(708) 407-73-38 нөмірлерге  қоңырау шалуды сұрайды.  

Еске сала кетейік, 3 қаңтарда Амангелді-Көкшетау көшелерінің қиылысында «Тойота Камри» маркалы автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті.