Павлодарлықтар Наурыз мерекесін думандатып қарсы алды

Павлодарлықтар Наурыз мерекесін думандатып қарсы алды
Фото: Константин Шелков

Қазақстандық жұлдыздардың тұрғындарға ерекше атмосфера сыйлап, концерттік бағдарламаның сәніне айналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын барлығы асыға күткен еді. Қаланың бас алаңында жинаған мыңдаған адамдар үшін арнайы мерекелік бағдарлама, киіз үй қалашығы құрылып, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Көшенің бір бөлігінде импровизацияланған текеметтер ілінген қабырға көздің жауын алды. Қала қонақтары және кішкентай бүлдіршіндер оюмен өрнектелген кілемдердің алдында суретке түсуге асықты.

Осыған дейін әкімдікпен уәде етілген биылғы жылдың жаңашылдығы – шөптен жасалған лабиринт көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, жабдықталған бөлек орында балалар түрлі жануарларға тамақ беріп, оларды ұстап көруге тырысты. Аттың үстіне мінгісі келетіндер де аз болған жоқ.

Биыл Ораза айының Наурыз мерекесімен тұспа-тұс келуімен байланысты орталық алаңда тамақ таратылмады, алайда Ертіс жағалауының үстіңгі жағында қазақ, итальян, кавказ елдерінің тағамдары отқа дайындалып, сатылды.

Тойлаудың ең басты және ерекше бөлігі меркелік концерт болды. Бағдарламаның шымылдығын И. Байзақов атындағы облыстық филармонияның музыканттары ашты. Ал шығармашылық ұжымдар би арқылы тұрғындарға көктемгі жылулық сезімін сыйлады. Концерттің хедлайнерлері қазақстандық танымал жұлдыздары – Роза Рымбаева мен Қайрат Нұртас болды.

–   Біз – бай тарихы, мәдениеті бар халықпыз. Бірлігіміз мәңгі.  Рахмет саған, достықтың қаласы! – деді Роза Рымбаева қала тұрғындарына.

Қайрат Нұртас та мерекемен құттықтап, павлодарлықтарға өзінің махаббатын жеткізді.

–  Келгеніме қатты қуаныштымын, шақырғандарыңызға рахмет. Жүздеріңізден күлкі кетпей, еліміз тыныш болып, аман болайық. Сіздерді қатты жақсы көремін,– деді әнші.

Қазақстан жұлдызы барлығы сүйіп тыңдайтын, өздерінің танымал әндерін орындап болғаннан кейін, сахнадан түсіп, тұрғындармен құшақтасып, селфи жасады.

Еске сала кетейік, Павлодарда Наурыз мерекесіне орай 15 тақырыптық алаңдар ұйымдастырылды.