Павлодарлықтарды алдап қомақты ақша алу ісіне күдікті әйел анықталды
Әйел адам өзін Ресейден келген салық инспекторы ретінде таныстырған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында 32 жастағы павлодарлық әйелдің 2022 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығының тұрғынын 400 мың теңгеге алдады деп күдіктелгені анықталды.
Атап айтқанда, күдікті Instagram желісінде интернет аудиторясы арқылы әйелдер тарихы туралы танысып, өзін Ресей Федерациясының Омбы қаласынан келген салық инспекторы ретінде таныстырған.
- Адамдарды «Kaspi Bank» АҚ-ға қатысты тексеру жүргізіп жатқанына сендіре отырып, осы банктен жалпы сомасы 300 мың теңгеге несие ресімдеуді өтінген. Сонымен қатар, қарызын уақытылы өтеуге және 150 мың теңге сомасында ақшалай сыйақы беруге уәде берген, - деді Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің басшысы Павел Павлов.
Қазіргі уақытта алданған 15 павлодарлық анықталды. Оларға келтірген залал соммасы 6 млн теңгеден асады.
Алаяқтық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу туралы» бұлтартпау шарасы таңдалды.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында алаяқтықтың 263 фактісі тіркелген.
Фото: ашық дереккөздерден