Екібастұзда жүзден астам отбасында терезелер жабылды
Бұл балаларды биіктіктен құлаудан қорғауға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.
Екібастұзда қалалық прокуратура мен білім бөлімі арасындағы меморандум бойынша 115 отбасы терезеге 1100 блокатор құрылғылары тегін орнатылды.
Прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері бес бала терезеден құлап, бір бала қайтыс болды.
Қала тұрғындарын балаларды ашық терезелердің жанында қараусыз қалдырмауға, терезелердің жанына жиһаз қоймауға, блокаторларды пайдалануға шақырды.
Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын күн жылына бастағанда, сондай-ақ жазғы мектеп демалысы кезінде балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Мұндай фактілер тіркелген кезде балалар ауыр жарақат алып, мүгедек немесе қайтыс болатынын атап өткен жөн. Мәселен, өткен жылы осындай 170 оқиға тіркелді.
– Жыл басынан бері 112 шұғыл әрекет ету қызметінің кезекші пультіне 102 хабарлама түсті. Апат салдарынан жеті адам қайтыс болды, қалған 95-і әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – дейді ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева.
Қазақстан ТЖМ қауіпсіздік ережелерін еске салады. Бұл ережелермен ведомствоның ресми сайтына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.