Павлодарлықтарды ретро стильдегі кешке шақырады

Павлодарлықтарды ретро стильдегі кешке шақырады
Фото: pexels.com

Тұрғындар үшін түрлі байқаулар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

8 желтоқсанда жастар бастамаларын дамыту орталығында 90-шы жылдардағы ретро стильдегі кеш өтеді. 

– Сізді естен кетпейтін, ерекше атмосфераға толы кешке шақырамыз. Тақырыпқа сай безендірілген жерде сол жылдардағы әндер шырқалып, би кеші өткізіледі,– деді орталықта. 

Ал өзінің екінші сыңарын іздеп жүрген жандар үшін кездесулер бұрышы ұйымдастырылады. Шараға қатысу тегін. Кеш 19:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында болады.