Президент Жарлығы: Құрылтайдың бірінші сессиясы 28 тамызда өтеді
Президент «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Жарлығына сәйкес бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-дe Астана қаласында өтеді.