Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Өңірде 35 градус аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«112» қызметінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы 16 маусым сағат 20:00-ден 17 маусым сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 17 маусымда түнде облыстың батысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз өңірдің батысы мен теріскейінде жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін. Күндіз 35 градус қатты ыстық болады деп болжануда.
Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.