Роман Скляр Екібастұзда қазандықтардың істен шығуы жиілеп кеткенін айтты

Роман Скляр Екібастұзда қазандықтардың істен шығуы жиілеп кеткенін айтты

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу беру жүйесін қалпына келтіру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында үкіметтік комиссия Екібастұзда болды. Жағдай күрделі. Былтыр желілердегі апат станцияның жұмысын теңгерімсіз етті. Егер бұрын қазандықтардың уақытша тоқтап қалуы аптасына 1-2 рет болса, қазір 1,2 немесе 3 қазандық күнде істен шығады. Осы орайда оларды шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр. 2022 жылы бұл жұмыстармен 15 адам айналысса, қазір жөндеу жұмыстарына 130 адам жұмылдырылған. Олар басқа ұйымдардан тартылды», - деді Р. Скляр Сенаттағы парламенттік тыңдаудан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, қазір екі ауысымға 65 адамнан жұмысқа шығып жатыр.

Бұдан бұрын хахабарланғандай, 11 ақпан күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұзға жұмыс сапарымен барды.

Р. Склярдың талабымен «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры жұмысынан босатылды.