Екібастұзда орын алған жол-көлік оқиғасында әйел зардап шекті
Көлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
- 21 қараша күні сағат 17:30 шамасында Екібастұз қаласындағы М.Әуезов көшесінде Hyundai matrix маркалы автокөлігінің жүргізушісі шұңқырға түсіп, кейін көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Салдарынан орындықта отырған әйелді соғып, кейін көлік траекториясын өзгертіп, дүкен ғимаратына соғылған, - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен әйел ауруханаға жатқызылды. Ал көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, тексеру жүргізілуде.