Павлодарда фаст-фуд дүңгіршегі жанып, қызметкер зардап шекті

Павлодарда фаст-фуд дүңгіршегі жанып, қызметкер зардап шекті
Фото: Павлодар облыстық ТЖД

Шақырту орнына өрт сөндірушілер мен апаттық медицина орталығы шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым күні сағат 11-14-те Сәтбаев көшесінде орналасқан «Буржуй» фаст-фуд дүңгіршегінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.  

– Сағат 11:32-де өрт екі шаршы метр аумақта жойылды. Өрт кезінде қызметкер жеңіл күйік алды. Тексеру үшін ауруханаға жеткізілді, бірақ одан әрі ауруханаға жатқызу қажет болмады, – деді департаментте. 

ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.