«Үлгілі әке»: Ақтоғай ауданында отағалар сайысты

«Үлгілі әке»: Ақтоғай ауданында отағалар сайысты
Фото ұйымдастырушылардың рұқсатымен

Байқауға 35 жасқа дейінгі әкелер қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жас қанат» жастар ресурстық орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Әкелер күні мерекесіне орай жастар және әкелер арасында «Үлгілі әке» атты интеллектуалдық-шығармашылық байқау өтті.

Байқауға ауданның әртүрлі округтарынан және аудан орталығынан үміткерлер қатысып, бақ сынасты.

Майданда бақ сынасқан азаматтар өздерінің әртүрлі қыр-сыры мен дарынын ортаға салып, жиналған қауымды күлкіге, әдемі көңіл-күйге қарық қылды. Шара барысында бір-бірінен оза шапқан әкелер қауымы болашақ ұрпақтың жауапкершілігі мен маңыздылығын бұрынғыдан да тереңірек ұғынды, – дейді ұйымдастырушылар.

Асығы алшысынан түсіп, көштен оза шапқан Айланыш Серікжан жүлделі 1-орынға, Қапалбай Азамат жүлделі 2-орынға және Нұртанов Дәурен жүлделі 3-орынға ие болды.

Жүлдегерлер мен қатысушылар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, әкелер күні облыс аумағында бірінші рет аталып өтуде.