Железин ауданының мектебіне бес миллион теңгеге сертификат табысталды
Қаржы білім беру мекемесін жабдықтауға жұмсалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
1993 жылы салынған Железин № 2 жалпы білім беру орта мектебіне биыл 30 жыл толды.
Мәжіліс залында өткен іс-шараға педагогтар, ардагерлер, оқушылар мен түлектер жиналды.
Мектеп түлектері бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізген, кейбіреулері әлі де ауданда жұмыс істейді. Олардың ішінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Райхан Усина, Железин аудандық полиция бөлімінің бастығы Елдос Нұрғалиев бар. Сондай-ақ, кейбіреулері облыстың мемлекеттік органдарында еңбек етеді. Әлия Әубәкірова – білім беру басқармасы басшысының орынбасары.
Ол мерейтойға ведомствоның атынан сыйлық алып келді, мектеп басшылығына LED-экрандарын сатып алу үшін бес миллион теңгеге сертификат табыс етті. Ал Райхан Усина өзі жазған өлеңдердің бірін оқып, мектепке деген сүйіспеншілігін поэтикалық туынды арқылы жеткізді.
30 жыл ішінде мектеп 17 алтын медаль иегерін тәрбиелеген. Білім ордасының түлектері бүгінде ғылымда, өнерде, спортта өз орындарын тапқан және басқа да салаларда еңбек етуде. Қазіргі таңда аудандық білім беру бөлімінің басшысы болып отырған Маржан Алшымбаева да осы мектепте білім алған. Ол мектеп ұжымына интерактивті панель сыйлады.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, дастархан жайылды.