Павлодарда дыбыс дабылы тексеріледі

Облыстық ТЖД қызметкерлері тұрғындардан сабырлық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
6 наурызда сағат 11:00-де «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізу шеңберінде электродабыл арқылы дыбыс дабылын беру көмегіменқұлақтандыру жүйесі тексеріледі.
– Бұл дыбысты дабыл тұрғындар үшін «Барлығының назарына!» дегенді білдіреді. Дабыл түскен уақытта, тұрғындар теле-радио қабылдағыштарын қосып ықтимал немесе туындаған табиғи және техногендік сипатттағы төтенше жағдайлар туралы, сонымен қатар басқа да маңызды ақпаратты тыңдау қажет, – делінген хабарламада.
Облыстық ТЖД тұрғындардан сабырлық сақтауды сұрайды.