Павлодар мен Астана қалаларының әуе қатынасы жаңартылады

Павлодар мен Астана қалаларының әуе қатынасы жаңартылады
Фото: pexels.com

«QAZAQ AIR» әуекомпаниясы аталмыш бағыт бойынша рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Рейстер канадалық «de Havilland Dash 8 – Q400» заманауи, жайлы әуе кемелерінде келесі кесте бойынша аптасына 4 рет орындалатын болады:

Сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері:

  • IQ 371 Астана 13:25 – Павлодар 14:25; 
  • IQ 372 Павлодар 14:55 – Астана 16:05.

Жексенбі күндері:

  • IQ 371 Астана 18:50 – Павлодар 19:50;
  • IQ 372 Павлодар 20:20 – Астана 21:20. 

Бір жаққа билет құны 13 мың теңгеден басталады, ұшу ұзақтығы – 1 сағат.

Билеттерді www.flyqazaq.com сайтынан және қаланың әуе кассаларында брондауға және сатып алуға болады.