6 сәуірде Павлодар облысында аздаған жаңбыр күтіледі

6 сәуірде Павлодар облысында аздаған жаңбыр күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы ...+18°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы +3...+8°C болады. Солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Күндіз +13...+18°C дейін жылы болады. Түнде және күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады деп болжануда.

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде +4...+6°C. Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз +15...+17°C.