Аяз аталар шеруі мен лазерлік шоу: Павлодарда бас шыршаның шамдары жағылды

Аяз аталар шеруі мен лазерлік шоу: Павлодарда бас шыршаның шамдары жағылды
Фото: Константин Шелков

Мерекелік бағдарламаны көруге облыс орталығының үлкен-кішісі жиналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Орталық алаңда тұрғындарға жаңа жылдық атмосфераны жарқын лазерлер, Аяз ата мен Ақшақар шеруі, өтіп бара жатқан символы және түрлі аниматорлар сыйлады. Балақайлар үшін арнайы өлеңдер айтылып, ойын-сауық бағдарлама ұсынылды. 

Сәукелеге іспеттес 30 метрлік шыршаның шамдары жағылғасын павлодарлықтарды ерекше қойлымдар күтті. Алаңға «Дәлме-дәл» пародистер шығып, өз өнерін көрсетті. Одан кейін DJ Samone & MC VINI диджейлер дискотека өткізді. 

Аллеяны қызыл-жасылды жарық композицияларымен және LED мүсіндермен безендірілді. Орталық жағалаудың Естай көшесінен Қайырбаев көшесіне дейінгі бөлігі жарық құрылымдармен және элементтермен әрленді– «Бүркіт», «Шаңырақ», этникалық өрнектер, қолшатырлар, ноталар, шарлар.  

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін түрлі фотозона аймақтары, лабиринттер мен жарықтандырылған аркалар қойылды. Бұз қалашығының ортасында ойыншықтар мен жарық шамдармен безендірілген шыршаны орнатты. 

Еске сала кетейік, Жаңа жылға орай облыс орталығы 1426 элементпен безендіріледі. Бұл – көшелердегі жарықдиодты композициялар, субұрқақтар, скверлер,  саябақтар мен жағалаулардағы әсем элементтер. Оның 811-і – жаңа. Қаланың жеті саябағы мен гүлзарларда, Усолка шағын ауданында, Химқалашықта, Екінші Павлодарда және Горторг аумағында шағын сәулет нысандары қойылады.