Өнер жұлдыздары павлодарлықтарға жұлдыздай жарқырауды тіледі

Өнер жұлдыздары павлодарлықтарға жұлдыздай жарқырауды тіледі
Фото: Ольга Бугаева

Әртістер облыс орталығының тұрғындарымен бірге қала күнін атап өтті.  Павлодарлықтардың не себепті орталық жағалауда үш сағаттан артық уақыт өткізгенін @Pavlodarnews.kz тілшісінің фоторепортажынан көруге болады.

Бірнеше ондаған мың адам қала күнін «Ertis Promenade» аланыңда атап өтті. Мерекелік кеш басталмай тұрып-ақ жағалаудың төменгі және жоғарғы бөліктері, баспалдақтары адамдарға лық толы болды.

«Ertis Promenade» сахнасында жазғы концерт маусымының ашылуынан бастап ұйымдастырушылар сегіз жаңа жұлдыздың бағын жақты. Олардың барлығы – караоке байқауының екінші маусымының финалына өткен Павлодар тұрғындары. Бұл жолы сахнаға бухгалтер-менеджер, заңгер, іс-шараларды ұйымдастырушы, сәнгер-дизайнер, караоке-барда арт-директор, филолог, сахналық сөйлеу оқытушысы және стилистер шықты. Кейбір қойылымдардан әйгілі орындаушылардың атап айтқанда «Непар» дуэтінің стиліне және Джаред Летоның бейнелерін көруге болады.

Барлық финалистер облыс әкімінің арнайы марапатына ие болды.

Қала күніне үш хэдлайнер шақырылды. Өткен жылы павлодарлықтар қазақстандық әнші Turar’мен жазды шығарып салған болатын. Бұған дейін отандық эстраданың жарық жұлдыздары ORDA тобы да өңірімізге келген болатын. Өнер иелері қала күніне орай өздерінің танымал әндерінен шашу шашты. Оның ішінде «Белгісіз жан», «Ғашықсың ба» композициялары бар.

Кештің ерекше қонағы болған Евровидение-2018 қатысушысы, армян және ресейлік орындаушы Sevak ' a-ның өнері павлодарлықтарға жақсы таныс болғаны мен ол бұған дейін  Қазақстанның солтүстік-шығысында болған емес.

– Мен бұл қалаға алғаш рет келдім. Өте ұнады. Жаяу жүріп, қаланы аралып үлгердім. Керемет қала, өте әдемі, – деді SEVAK сахна төрінде.

Оның хиттерінің арасында "Жарқыра", "Мені сонда күт", "Шетте" әндері бар. 

– Кез келген әншіге халықтың оның әнін бірге айтқаны қуантады. Бұл үшін басымды иемін. Сіздер сияқты керемет адамдар үшін осы сахнада тұрып, ән айту мен үшін үлкен мәртебе. Тағы да қала күнімен құттықтаймын және келесі кездескенше. Әрқайсымыз жарқырай алатынымызға шын жүректен сенемін. Жарқыраңыздар, сіздерге бақыт пен денсаулық тілеймін, – деді павлодарлықтарға әнші SEVAK.

Естеріңізге сала кетейік, демалыс күндері облыс орталығының шағын аудандарында концерттер мен көрмелер өтті. Қалада жаңа алаң ашылып, ат жарысында миллиондаған теңге ойнатылды.

Фото: Ольга Бугаева