Павлодарлық кәсіпорындар Астанада өткен отандық тауар өндірушілер көрмесіне қатысты
Елордада өткен отандық тауар өндірушілердің тауарлары көрмесіне 100-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, оның ішінде есепке алу аспаптары, өрт сөндіргіштер, сантехника, есік, терезе, арматура, электр кабельдері, құрылыс материалдары, жиһаз, электроника, жылу жүйелері бар. Ертіс өңірінен «Казэнергокабель» АҚ (кабель және сым бұйымдарын, алюминий сымын өндіру), «МВИ зауыты» ЖШС (жылу оқшаулағыш материалдар өндірісі), «Павлодар құбыр прокат зауыты» ЖШС (болат құбырлар өндірісі), «Кастинг» ПФ ЖШС (ұнтақтау шарларын өндіру және шыбықтар, арматуралық болат, болат құймалар), «КазБитумСервис» АҚ (битум-полимер негізіндегі жұмсақ шатыр материалдарын өндіру), сондай-ақ жиһаз фирмалары «Лама» ЖШС, «Троя» ЖШС және «Феникс» ЖШС қатысты.
– Кәсіпкерлер жайлы мектептер құрылысына пайдалануға болатын құрал-жабдықтар мен тауарларды таныстырды. Сондай-ақ қазіргі таңда қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін пайдалануға кепілдіктің жоқтығынан туындап отырған проблемаларды атады, – дейді Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.
Көрмені ұйымдастырушылар – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және ҚР «Атамекен» үлттық кәсіпкерлер палатасы. Оған Білім министрлігі мен «Самұрық-Қазына құрылыс» қорының, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының (ҚазҚСҒЗИ) өкілдері шақырылды.
Отандық бизнес өз өнімдерін көрсетіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысында негізгі көлемге деген сұранысты қанағаттандыруға дайын екенін мәлімдеді.