Көршілері дабыл қақты: Екібастұзда жасөспірімді зорлауы мүмкін

Көршілері дабыл қақты: Екібастұзда жасөспірімді зорлауы мүмкін

Жас қыздың жағдайына алаңдаған  көршілер «НеМолчиKZ» қорына жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  

Көршілері  жасөспірімнің түнгі сағат бірде үйден жалаңаяқ шыққанын  камерадан байқаған. 

– Қыз бала қатты жылап, үйден жалаңаяқ жүгіріп шығып кетті. Оның артынан отбасынан ешкім шықпады. Әкесі өз қызын зорлауы мүмкін. Балалар  қауіпті ортада өмір сүріп жатыр, – деп көршілері әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде дабыл қағуда. 

Сондай-ақ көршілері бұл отбасының азғындық өмір салтын ұстанып, үйіне әрдайым мас адамдарды шақыратынын  жазған. 

Облыстық полиция департаментінде бұған қатысты түсініктеме берді.

– Аталған факті тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде, – дейді департаментте. 

Көршілер  аталған отбасы төрт бала өсіріп отырғанын айтады.

Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті