Ертең екібастұздық студенттер мен оқушылар сабақты үйде оқиды
Екібастұз қаласында оқушылары мен колледж студенттері әлі де қашықтан оқуды жалғастырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Екібастұз қаласы білім бөлімі мәлімдеді.
- 15 ақпанда мектептер мен колледждерде сабақтар онлайн өтеді, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 7 ақпаннан бастап Екібастұздағы барлық мектептер, балабақшалар мен кезекші топтар онлайн форматқа көшкен болатын.
Ал 13 ақпан күнгі жағдай бойынша, кеншілер шаһарында төрт мектеп онлайн форматта оқуды жалғастырған еді. Мұнда білім беру мекемелеріндегі температура параметрлері тиісті деңгейге жеткізілгенге дейін бұл мектептерде оқу процесі қашықтықтан ұйымдастырылады.