Павлодарда жыл мұғалімі анықталды

Павлодарда жыл мұғалімі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Конкурсқа барлығы 30 мұғалім қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 25-30 қаңтар аралығында «Жыл мұғалімі» облыстық конкурсының қалалық кезеңін өтті. 

– Конкурстың шарттары бойынша қатысушылардың оқыту тіліндегі портфолиосы, сабақтың бейнежазбасы және бейнехостингтерде орналастырылған бейнеролик бағаланды. Конкурс қорытындысы бойынша критерийлер негізінде 70%-дан астам жинаған бес қатысушы жүлделі орындарға ие болды, екі қатысушы номинанттар атанды, – дейді бөлімде. 

Конкурстың бас жүлдесін № 35 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Айбек Камиль  иеленді. І орынды Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Назгүл Латыпова, ІІ орынды    № 17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бейіндік мектебінің тарих және география пәндерінің мұғалімі Нұржанова, ІІІ орынды Ә. Бөкейхан атындағы лицей мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алмагүл Шакиева мен № 7 жалпы орта білім беру мектебінің биология пәні мұғалімі Шынғыс  Молдасапар иеленді.

«Шығармашыл педагог» номинациясы Ш. Шөкин атындағы жалпы орта білім беру гимназия-мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Кузнецоваға берілді. «Шеберлік шыңына» номинациясы № 35 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахытгүл Сырнайға берілді.

Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және номинанттарды марапаттау тамыз айында Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің қорытынды кеңесінде өтеді. Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары ақпан айында облыстық байқауға қатысады.