Павлодарда мектеп оқушылары арасында бейне байқау жарияланды

Үздік деп танылған фильмдер көпшілікке көрсетілетін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім бөлімі және ішкі саясат бөлімінің мәлімдеуінше, оқушыларды әлеуметтік тәрбиелеу мақсатында ағымдағы жылдың 12 қаңтары мен 22 ақпаны аралығында «Әлеуметтік тәрбие: мектеп оқушыларының көзімен» атты үздік бейнебайқауын жариялайды.
Өтінімдер 12 қаңтардан 12 ақпанға дейін қабылданады.
Қосымша ақпарат алу үшін белгіленген телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:
«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы» КМҚК - 8(775) 381 31 45
«Павлодар қаласының білім бөлімі» ММ - 8(705) 406 14 32