Облыс әкімі павлодарлықтарды Рамазан айымен құттықтады
Аймақ басшысы тұрғындарға тілегін білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың құттықтауы өзінің Instagram парақшасында жарияланды.
- Қош келдің, Рамазан! 12 айдың сұлтаны, ең берекелі әрі ізгі, мейірім мен сауапқа толы қасиетті Рамазан айының келуімен күллі мұсылман жұртшылығын құттықтаймын, - деді Асайын Байханов.
Облыс әкімі ораза — таңнан түнге дейін тамақтан бас тарту ғана емес, бұл — ең бірінші кезекте рухани азық, жанымыздың шипасы екенін атап өтті.
- Бір тамшы судың қадірін түсінетін ізгілікке толған айда әр адамға ғибадаттарының қабыл болуын тілеймін. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымызға ауызбіршілік, ел ішіне тыныштық тілеймін. Оразадан оразаға аман жетейік, - делінген құттықтауда.