Павлодарда журналистерге арналған байқау басталды

Павлодарда журналистерге арналған байқау басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

ҮЕҰ қызметін насихаттаған үздік материалдар арнайы байқау аясында іріктеліп, марапатталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығы өзінің 20 жылдығына орай үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) жұмысын кеңінен таныту мақсатында журналистер мен БАҚ өкілдеріне арналған байқау жариялады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың негізгі мақсаты – азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып жүрген ҮЕҰ қызметін көпшілікке таныстыру және олардың қоғамдағы рөлін көрсету.

Байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:

  • «Жанды сөз» – газет және журнал материалдарының авторлары үшін;
  • «ТелеКөзқарас» – тележурналистерге арналған;
  • «Онлайн-хабар» – интернет-БАҚ өкілдеріне бағытталған.

– Байқауға Қазақстанда тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, блогерлер мен тәуелсіз авторлар қатыса алады. Қатысу үшін 2024-2025 жылдары жарияланған мақалалар, репортаждар, сұхбаттар және басқа да материалдар қабылданады, – дейді ұйымдастырушылар.

Өтінімдер 1 маусымға дейін қабылданады. Материалдарды helat_2024_06@mail.ru электронды поштасына жіберуге болады. Қосымша ақпаратты +7 (700) 767-23-49 (қоңыраулар) және +7 (701) 938-58-35 (WhatsApp) нөмірлері арқылы алуға болады.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 28 маусымда облыстық «Азаматтық альянс» қауымдастығының 20 жылдығына орай өтеді. Оларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады.