Павлодар облысында қатты дауылдан жарық бағандары құлады
Оқиға орнына арнайы қызметкерлер шықты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазавтожол» ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қатты дауыл салдарынан 19 маусым күні Астана - Ерейментау - Шідерті тас жолында көшедегі сыртқы жарықтандырудың алты бағаны құлаған.
– Электр қуаты өшіріліп, бағандар жолдың жиегіне шығарылды, – дейді баспасөз қызметінде.
Қазгидрометте бүгін Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғатыны туралы хабарлаған болатын. Түнде оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні солтүстікте 15-20, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін соғады.