Павлодарлық өрт сөндірушілер сегіз адамның өмірін аман алып қалды

Павлодарлық өрт сөндірушілер сегіз адамның өмірін аман алып қалды
Фото: Константин Шелков

Құтқарылғандардың бірі - бала, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамырда сағат 04:10-де «101» пультіне үш қабатты үйдің бірінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

40 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздар өртеніп кеткені анықталды. Өрт сөндіру бөлімі келгенге дейін 14 адам баспалдақпен өздігінен эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер «Фенист» құтқару құрылғысының көмегімен баспалдақ маршында төрт адамды құтқарды. Сондай-ақ, тағы төрт адам баспалдақпен құтқарылды. Жарақат алғандар жоқ. 

– Өрт толығымен 04:43-те жойылды. Себебі мен залалы анықталуда,– деді департаментте. 

Жергілікті жерден өрт сөндіру қызметінің 22 қызметкері, 8  техника, сондай-ақ шұғыл құтқару жасағы және апаттық медициналық орталығы, «102», «103» қызметінің мамандары қызмет атқарды.