«ЕЭК» АҚ-та тәуелсіз аудит жүргізілді
Компания мәліметтерге халықаралық стандарт бойынша талдау жүргізген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Тәуелсіз аудитор «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның бүкіл қаржылық қызметін тексерді. Сарапшы былтырғы жылдың бухгалтерлік балансын, кірісі мен шығысы туралы есебін, ақша қаражаттарының қозғалысын және капиталдағы өзгерістерін талдады.
Еске сала кетейік, Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы – Қазақстандағы ірі электр энергиясы мен көмір жеткізушілерінің бірі. ЕЭК екi құрылымдық бөлімшені біріктіреді: «Шығыс» көмір кеніші және Ақсу электр станциясы.
ҚР Заңының 25-бабы 12-тармағының «Табиғи монополиялар туралы» жарияланған заң талаптарына сәйкес «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ аудиттелген қаржылық есептілігін біздің сайтта қоса берілген файл арқылы қарап шығуға болады.