Павлодарда бірқатар үйде ыстық су өшіру мерзімі ұзартылды

Павлодарда бірқатар үйде ыстық су өшіру мерзімі ұзартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шектеу жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар жылу желілері» кәсіпорнының мәліметінше, шектеу 20 шілдеге дейін қосымша жұмыс көлемінің орындалуына байланысты сақталады.

Ыстық су мына мекенжайларда болмайды:

  • Жаяу Мұса көшесі, 1; 
  • Назарбаев даңғылы, 204; 
  • Академик Сәтбаев көшесі, 253, 306, 316, 316/1; 
  • Академик Шөкин көшесі, 23/1, 25; 
  • Мәшһүр Жүсіп көшесі, 286; 
  • Ломов көшесі, 30, 32, 34, 36; 
  • Парковая көшесі, 31; 
  • Баймолдин көшесі, 5, 9. 

Коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, аталған жұмыстар алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатыр және қыс мезгілінде жылумен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.