Павлодар облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ол ішкі саясат, мемлекеттік тілді дамыту, дін, мәдениет, білім және спорт салаларына жетекшілік ететін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша, аймақ басшысы Асайын Байхановтың өкімімен Айгүл Маликова Павлодар облысы әкімінің идеология мәселелері жөніндегі орынбасары лауазымына тағайындалды.
Айгүл Маликова 1976 жылы туған. «Биология және химия», «Қаржы» мамандықтары бойынша жоғары білімі және саясаттану магистрі дәрежесі бар.
1997-2008 жылдары Павлодар қаласының мектептерінде мұғалім, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Павлодар қаласы білім бөлімінің маманы болып бастады.
2010-2018 жылдары Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейі мен № 17 мектебін басқарды. 2018 жылдан бастап Павлодар облысының Кәсіподақ орталығында, «AMANAT» партиясының Павлодар қаласының филиалы, Павлодар қаласының білім бөлімі мен әкімі аппаратында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2023 жылғы сәуірден бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы болды.