Павлодарда Нигерия студенттері өз дәстүрлері мен ұлттық тағамдары туралы әңгімеледі

Павлодарда Нигерия студенттері өз дәстүрлері мен ұлттық тағамдары туралы әңгімеледі
Фото: Торайғыров университетінің баспасөз қызметі

Нигериядан келген алғашқы студент Торайғыров университетіне 2016 жылы оқуға  түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда университетте Нигериядан келген 11 студент оқиды.

 

Шетелдік студенттер Нигерияның табиғаты, білімі және діні, дәстүрлері мен ұлттық тағамдары туралы әңгімеледі. Музыкалық нөмірлер дайындады. 

– Менің ойымша, мұндай белсенділік халықаралық мәртебеге ұмтылатын әрбір ЖОО-ға қажет. Осылайша, шетелдік жастардың өздері үшін ерекше жағдайда әлеуметтенуі оңайырақ. Сонымен қатар, бұл олардың курстастары үшін өздеріне белгісіз ел туралы көбірек білуге үлкен мүмкіндік, – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

ToU-да Нигерия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Украина, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Пәкістан, Ирак, Ауғанстаннан 315 шетелдік студент оқиды.

Торайғыров университеті студенттерді қабылдап қана қоймай, сонымен қатар Erasmus+, DAAD және Deula Neinburg стипендиялық бағдарламалары бойынша, сондай-ақ Caspian Academy, Campus France және Loco.е.V. сияқты ұйымдармен бірлесіп, шетелге оқуға жібереді. Сонымен қатар, студенттер Испания, Польша, Болгария, Чехия, Словакия, Латвия, Түркия, Франция, Германия және Пәкістанда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтеді.

Ішкі және сыртқы ұтқырлық жүйесі жұмыс істейді. Tou-да Түркия, Чехия, Германия, Черногория, Хорватия, Пәкістан, Эстония, Испания, Польша және Үндістаннан келген шетелдік ғалымдар сабақ берді.