Artik&Asti екібастұздық теміржолшыларды құттықтайды

Artik&Asti екібастұздық теміржолшыларды құттықтайды
Artik&Asti инстаграм парақшасынан алынған фотосурет

Тұрғындар Дмитрий Маликовпен бірге қосылып ән айта алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Теміржолшылар күніне орай «Railways systems KZ» ЖШС қала әкімдігінің қолдауымен Екібастұз қаласының тұрғындарына тегін концерт ұйымдастыруда.

Кеш жүргізушілері қазақстандық және ресейлік танымал стендап әртісі Нұрлан Сабуров пен телерадио жүргізушісі Лунара Эссен болады.

Қалалық «Өнер» мәдениет сарайының жанындағы сахнада ВИА Van Gogh тобынан Айнұр, Дмитрий Маликов және Рахман Сәтиев өнер көрсетеді. Ал хедлайнер ретінде ұйымдастырушылар Artik&Asti-ді шақырған.

Кеш отшашумен аяқталады.

Концерт 2 тамызда сағат 18:00-де басталады.